Астана қаласының «Жастар» театры көрерменін тәнті етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жастар» театры Н. Гогольдың «Ревизор» комедиясымен аттас қойылымды көрермендер назарына ұсынды. Спектакльді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков те тамашалады, деп хабарлады astana.gov.kz.
Қойылым ерекше форматта көрсетілді. Н. Гогольдың комедиясымен қойылған спектакль қазіргі заманға сай үлгіде дайындалған.
Театр режиссері Бекболат Құрманғожаевтың айтуынша, олар қойылымда басқаларынан ерекше, қарапайымдылық пен дәстүрліліктен аулақ болуға, сондай-ақ көрермендерін тәнті ету үшін спектакльдерге жаңашылдықтар мен заманауи белгілер беруге тырысады.
"Сәрсенбінің сәтті күнінен бастап, жексенбі күніне шейін күнделікті спектакльдерімізді көрермендердің назарына ұсынып отырмыз. Қазіргі таңда өз көрермендерімізді қалыптастырдық деп ойлаймын", деді «Жастар» театрының директоры Айболат Сексенбаев,
Астаналық театр өз есігін 2007 жылы ашқан болатын. Сол күннен бастап театр көптеген байқауларда Гран-при иегері атанып, Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де кеңінен танымал болды. Бүгінде "Жастар" театрының репертуарында 20 астам спекталь мен балаларға арналған 5 ертегі бар. Ұжымда барлығы 40 әртіс өнер көрсетеді. "Жастар" театрының билеттері қолжетімді. Билеттің құны 500-ден 1000 теңгеге дейін. Балалар мен зейнеткерлерге жеңілдіктер қарастырылған.