Астана камералық хоры Венгрияда тамаша өнер көрсетті

АСТАНА.ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры Венгрияда өткен «Budapest International Choral Celebration» халықаралық фестиваліне қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Фестивальда ұсынылған бағдарлама, әлемдік классиканың туындыларын, сондай-ақ Ахмет Жұбанов, Еркеғали Рахмадиев, Бақытжан Байқадамов, Абай әндері және өзге де ұлттық хор өнерінің үздік туындыларын қамтыды. Репертуарда рухани музыка және джаз, классика мен бүгінгі күн әуендері үндесті. Фестивальға қатысу үшін қазақстандық хор тыңғылықты іріктеуден өтті. Беделді музыкалық сайысқа қатысу мүмкіндігі әлем мемлекеттерінің 12 ұжымына ғана бұйырды. Қазақстандықтардың өнерін көрермендер асыға күтті. Фестиваль басталғанға дейін ұйымдастырушылар мажардың «Tavasziszel» ұлттық әнін қатысушы хор ұжымдарына орындатып, тиісті бейне роликті аңдатпа ретінде көрсетті. Астанадан барған хордың орындауындағы ән ең жиі қаралған және оң баға алғандардың алды болды. Мемлекеттік академиялық филормонияның Камералық хоры жасаған гастрольдік сапары австриялық Баден қаласында өткен жеке бағдарламасымен сәтті аяқталды. Шетелдік сыншылар қазақстандық музыканттардың шеберлігін жоғары бағалады. - Астанадан келген Мемлекеттік филормонияның Камералық хоры Будапешттегі халықаралық фестивальдің көркі болды. Сіздер біздің жүректерімізді қуаныш пен бақытқа толтырдыңыздар. Керемет концерт үшін сіздерге шексіз алғыс білдіреміз, - деді Австрия хор ассоциациясының президенті Вольфганг Циглер.

Соңғы жаңалықтар