Astana капитаны «Джиро д'Италия» көпкүндiгiнің 14-кезеңiнде мәре сызығын екінші болып қиды
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - "Джиро д'Италия" супер көпкүндiгiнiң 14-кезеңiнде Astana Pro Team қазақстандық командасының капитаны Винченцо Нибали мәреге 2-шi келiп, өзiнiң көшбасшылығын үдете түстi.
Бұл кезеңде Vini Fantini командасының велошабандозы Мауро Сантамброджио жеңiмпаз атанды. Осы көрсеткіші арқылы Сантамброджио жарыстың жалпы есебiнде төртiншi орынға көтерiле алды. Ag2R La Mondiale клубының саңлағы колумбиялық Карлос Альберто Бетанкур көмбеге үшiншi болып келдi.
Нибали болса, өзiнiң жалпы есептегi көшбасшылығын нығайтып, басты қарсыластары - Кадель Эвансатты (BMC Racing) 1 минут 26 секундқа, Ригоберто Уранды (Sky) 2 минут 46 секундқа, ал Микеле Скарпонидi 3 минут 53 секундқа артқа тастады.
Астана командалық есепте төртiншi орында келедi.
Жалпы классификация:
1 Vincenzo Nibali (Ita) Astana Pro Team 57:20:52
2 Cadel Evans (Aus) BMC Racing Team 0:01:26
3 Rigoberto Uran (Col) Sky ProCycling 0:02:46
4 Mauro Santambrogio (Ita) Vini Fantini 0:02:47
5 Michele Scarponi (Ita) Lampre-Merida 0:03:53