«Астана» капитаны Нибали әлемдік рейтингте 2-ші орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Тур де Франс» велокөпкүндігінің жеңімпазы атанған «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали әлемдік рейтингте 40-шы сатыдан бірден 2-ші орынға жоғарылады.

«Астана» капитаны Нибали әлемдік рейтингте 2-ші орынға көтерілді

Халықаралық велошабандоздар одағының (UCI) жаңадан жасаған рейтингінде әлі де болса, «Астана» клубының бұрынғы мүшесі Альберто Контадор көш бастап келеді.

Айта кетейік, «Тур де Франс-2014» жарысы 27 шілде күні аяқталды.

Көшбасшының сары жейдесінде келген Нибали велошоссе тарихында үш гранд-турды («Тур де Франс», «Джиро д'Италия» и «Вуэльта») жеңіп алған 6-шы велошабандоз атанды. Халықаралық велошабандоздар одағының бұрынғы рейтингінде Нибали 40-шы орында тұрған болатын.

UCI Рейтингі. 2014 жыл 27 шілде.

1 (1). Альберто Контадор (Испания, Tinkoff-Saxo) – 407 ұпай,

2 (40). Винченцо Нибали (Италия, «Астана») – 392.

3 (6). Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – 382,

4 (2). Наиро Кинтана (Колумбия, Movistar) – 354,

5 (22). Жан-Кристофф Перо (Франция, AG2R La Mondiale) – 300,

6 (5). Фабиан Канчеллара (Швейцария, Trek) – 274,

7 (4). Саймон Герранс (Австралия, Orica-Green Edge) – 268,

8 (3). Руй Кошта (Португалия, Lampre-Merida ) – 268,

9 (10). Петер Саган (Словакия, Cannondale) – 257,

10 (7). Михал Квятковский (Польша, Omega Pharma-Quick-Step) – 257.

Командалық есепте Movistar клубы көш бастауда.