«Астана» капитаны Винченцо Нибали «Tre Valli Varesine» веложарысының жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» капитаны Винченцо Нибали итальяндық Варесе қаласы жолдарындағы бір күндік жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлады Sports.kz.
Бір күндік жарыстың жеңімпазы «Астананың» итальяндық шабандозы Винченцо Нибали болды, «Русвелодан» ресейлік Сергей Фирсанов екінші болып, мәреге жетті, Италияның тағы бір өкілі ««Trek» командасынан Джакомо Ниццоло үшінші орынға шықты.
«Tre Valli Varesine» Busto Arsizio - Varese, 198,5 шақырым
1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 4:45:08 2. Сергей Фирсанов (Ресей, «Русвело») - +0:08 3. Джакомо Ниццоло (Италия, «Trek») - +0:09.