Астана-Қарағанды тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана-Қарағанды тасжолының Б.Момышұлы даңғылынан А-135 көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана-Қарағанды тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Астана әкімдігі

– Жөндеу жұмысына байланысты 24 қыркүйек пен 2 қазан аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады, - делінген хабарламада.  

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана-Қарағанды тасжолындағы жөндеу жұмысына байланысты көлік қозғалысы баяулайтынын хабарлаған едік.