«Астана-Қарағанды» автожолының құрылысына отандық инвесторлар тартылуы ықтимал

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат -  «Астана-Қарағанды» автожолының құрылысы отандық инвесторларды тарту арқылы жүзеге асуы мүмкін.
None
None

  Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы  Нұрланбек Өмірбаев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

«Астана-Қарағанды» автожолының құрылысы бойынша концессионер таңдау конкурсы екі мәрте өткен болатын. Бірақ, онда конкурс ешнәрсені анықтамаған еді. Ал қазіргі таңда автожолдарды басқаратын ұлттық оператор айқындалған соң осы жобаны қаражаттар тарту арқылы жүзеге асырғымыз келеді және олар отандық инвесторлар болуы мүмкін», - деді Н. Өмірбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні аталған жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындауға қаражат бөлініп, конкурстық құжаттар әзірленуде. Ал конкурсты келесі жылдың екінші жартысында жүзеге асыру күтіледі.

Соңғы жаңалықтар