Астана-Қарағанды тасжолы жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық мониторинг және жедел жауап қайтару орталығы Астана-Қарағанды тасжолының жабылғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Қазақавтожол» компаниясының сайтында жолдың барлық автокөлік түрлері үшін жабылғаны нақтыланған. Жолдағы қозғалыстың шектелуіне қар, жел, көктайғақ, жолдың көрінбеуі себеп болған.
Сондай-ақ, Қарағанды облысындағы (1492-1610 км) «Екатеринбург-Алматы» тасжолының учаскесі - Қарағандыдан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралығы жабылған.