Астана-Қарағанды телімінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы желтоқсанның 12-сінде 13 сағат 10 минутта Қарағанды жол бөлімшесінің Астана-Қарағанды теліміндегі Ақтасты-Шоқай өткелінің 635-шақырымында №1626 жүк пойызының 11 жүк вагоны жолдан шығып кетті. Осының салдарынан екі жолда да пойыз қозғалысы тоқтатылды. Оқиға орнында қалпына келтіру пойызы жұмыс жасады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында арнайы құрылған комиссия іске кірісті.

Астана-Қарағанды телімінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Бүгін, 13 желтоқсанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш жол телімінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Жолаушы пойыздары жеделдетілген кесте бойынша өткізілуде және барлық кешіккен пойыздардың қозғалысы кестеге сәйкес қамтамасыз етіледі.