«Астана-Қарағанды» трассасынан өтетін т/ж эстакадасы құрылысына байланысты айналма жол ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі теміржол эскадасының құрылысына байланысты уақытша айналма жолдың ашылғаны жайлы хабарлады.
«Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы көлік иелеріне 2016 жылы 13 ақпаннан Қарағанды трассасы арқылы теміржол эскадасын салу бойынша (Қобда көшесі мен Қарағанды трассасының қиылысы ауданында) құрылыс материалдарының базары ауданындағы (теміржол тораптары) көлік қозғалысы уақытша айналып өтетін жол арқылы жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.