«Астана» қаржы орталығының жеке салық және виза режімі болады

«Заң жобасы меншікті орган әкімшілейтін, нақты белгіленген шекарасымен белгілі бір аумағы бар орталық құруды қарастырады. Орталықтың органдары мыналар болмақ. Орталықты басқару жөніндегі кеңес - бұл Президент басқаратын тұрақты іс басында коллегиялық орган. Президент орталықтың даму стратегиясын айқындайды, қаулы түрінде орталықтың актілерін қабылдайды.
Әкімшілік орталық - бұл орталықтың қызметін қамтамасыз ететін, оның мүддесін қолдайтын Қазақстанның ұлттық банкі құратын акционерлік қоғам», - деді ол.
Оның атап өтуінше, «Астана» қаржы орталығы аумағында және оның қатысушыларына АХҚО туралы заңның және АХҚО органдары актілерінің нормалары ғана қолданылады. АХҚО органдарының актілері Англия мен Уэльс құқығының қағидаттары мен нормаларына және әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына, атап айтқанда, бірінші кезекте, Дубай халықаралық орталығының нормативтік құжаттарына негізделеді. Орталықтың органдары мен қатысушыларына, сонымен қатар органдар мен қатысушылардың қызметкерлеріне 50 жылға салықтың жеңілдіктер қарастырылған. Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 70 және 71-ші қадамдарын жүзеге асыру үшін әзірленген.