Астана кәсіпкерлері: Сәулет және қала құрылысына қатысты арыз-шағымдар көбейіп келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғани Тасмағанбетовтың айтуынша, елордада сәулет және қала құрылысы саласындағы арыз-шағымдар жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мәселен, 2014 жылы кәсіпкерлердің тарапынан 4 мыңнан астам арыз түссе, 2015 жылы шағымдардың саны 5 мыңнан асты. Ал 2016 жылы бизнесмендердің сәулет және қала құрылысына қатысты арыз-шағымдары 7 мыңнан асып кетті. Бұл дегеніміз, кәсіпкерлер тарапынан түсетін әрбір 5-ші арыз осы салаға қатысты болып келеді», - деді Тасмағанбетов бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен селекторлық жиналыста.
Оның айтуынша, бүгінде арнайы жұмыс тобы аясында қаралатын арыз-шағымдардың басым бөлігі негізді екенін дәлелденеді.