Астана кәсіпкерлеріне АИТВ/ЖИТС және туберкулез жайында лекция оқылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада АИТВ/ЖИТС және туберкулездің алдын алу мекемелерінің мамандары қаладағы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
None
None



Астана қаласының  ЖИТС орталығының мамандары «Медициналық қызметкерлерге құқықтық көмек» Республикалық қоғамдық ұйымымен және Астана қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерімен бірлесіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік жобасы аясында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдеріне арнап семинар ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты бизнес құрылым басшыларының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, соның ішінде «АИТВ/ЖИТС пен туберкулездің бизнеске ықпалы» көрсеткіші жөнінде хабардарлығын арттыру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда еліміздің бәсекеге қабілеттілігі ұлт денсаулығымен тікелей байланысты.



Астана қаласы ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының АИТВ жұқпасына эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Інжу Аймағамбетова АИТВ-инфекциясының әлемдегі, еліміздегі және Астана қаласындағы эпидемиологиялық ахуалымен таныстырды. Сонымен қатар, аталмыш жұқпаның бизнеске әсері және ДЭФ ЖБҚИ еліміздегі рейтингі жөнінде айтты. «Қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын жұқтырушылардың 42 пайызы тұрақты жұмысы бар, белгілі қызмет атқаратын, тұрмыс жағдайы жақсы адамдар. Сол себепті жұмыс беруші ретінде  аталмыш жұқпаның таралуы мен жұғу жолдары және оны жұқтырған науқастардың қоғамдағы құқығы жайында көбірек білгендеріңіз жөн деп ойлаймыз», - деді ол.

Інжу Бекетқызының берген мәліметіне сүйенсек,  қала бойынша АИТВ-ға шалдыққандардың 70 пайызы оны жыныстық жолмен жұқтырған және олардың дені 18-40 жас шамасындағылар.

Барлық қатысушыларға ақпаратттық білім беру материалдары және «АИТВ-инфекциясы жоқ Қазақстан» жадынамалары таратылып, сауалнама жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар