АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның эстрада жұлдыздары Instagram әлеуметтік желісі арқылы ҚР Президенті Н.Назарбаевты туған күнімен құттықтады.
Актриса, әнші Әсел Садуақсова өз парақшасында: «Бүкіл ел біздің құрметті Президентімізді құттықтайды. Ұзақ ғұмыр тілейміз. Тыныштық пен бейбітшілік үшін алғыс айтамыз», - деп жазса, танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов: «Астана күнімен құттықтаймын. Жаратушы иеміз біздің Елбасымызға күш-қуат, денсаулық пен ұзақ ғұмыр берсін», дейді әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
«Елбасымызды туған күнімен құтықтаймын! Әр үйде бақыт, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық болсын», - дейді бұл тілектерге қосылған әнші Динара Қырықбаева.
«Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов: «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Сізді бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Еліміз өркендей берсін. Еліміздің аспаны әрқашан ашық болсын», - дей отырып, өздерінің жеке парақшасында Елбасының паспорттық суретін жариялаған.
Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан: «Туған күніңмен, сүйікті қалам! Туған күніңізбен, Президент мырза!», - десе, әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев: «Астанамыз бен Елбасымыздың туған күнi құтты болсын, Қазақ елi! Алла тағала елiмiзге нұр-мейiрiмiн төге бергей!» деп жазған екен.