11:16, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
Астана Қазақстан аймақтарының дамуына серпін берді - әзірбайжандық публицист - Г.Кенгерли
ТАШКЕНТ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – «Қазақстанның елордасы өз келбеті бойынша ғана емес, жас болғанына қарамастан, тарихы бойынша да бірегей қала»,- деп санайды әзірбайжандық публицист Гулу Кенгерли.

Қазақстан тілшісіне берген эксклюзивтік сұхбатында ол, Астанадан алған әсерлерін әңгімелеп берді. «Менің ойымша, республикалық маңыздағы тек саяси және әкімшілік орталықтар ғана емес, үлкен білім ошақтары, мәдени, медициналық және спорттық нысандар орналасқан мұншалықты заманауи қаланы тұрғызу қомақты қаржылық салымның және ерен еңбектің жемісі болып отыр», - дейді Г.Кенгерли мырза. Қазақстанның елордасын басқа қалалармен салыстырар болса, жаңа тұрғын үй орамдары мен үйлердің, әкімшілік ғимараттардың бір-біріне ұқсамайтынын, бірін-бірі қайталамайтынын байқайсыздар. Әрбір жаңа ықшамауданның немесе басқа нысандардың өзіндік келбеті бар, дәл осы жайт Астананы өзге әлемдік елордалардан айрықша етіп көрсетіп отыр. Публицистің пікірінше, Астана құрылысының арқасында елорданың ғана емес, қаланың төңірегінде орналасқан аудандардың да құрылыстық, көліктік және басқа да коммуникацияларын дамыту, облыстың ғана емес, көрші Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, көлік және байланыс секторын, қызмет көрсету саласы мен мәдениетін дамытуға мүмкіндік берді.
Астана Қазақстанның аймақтарының дамуына серпін беріп отыр, дейді әзірбайжандық публицист Г.Кенгерли.