«Астана» Қазақстан кубогының жартылай финалына өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан кубогының ширек финалында «Астана» өз алаңында «Мақтааралмен» ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Матч алаң иелерінің басымдығымен өтті. Дегенмен қонақтар қауіпті контршабуылдар жасап отырды. Бірақ одан нәтиже болмады. Кездесу соңында алаң иелері өз мүмкіндігін іске асыра алды – Камо Оганесян берген допты Килан Лебон бос қақпаға сүңгітті, есеп — 1:0.
Осылайша, турнирдің жартылай финалына «Астана» өтті. Елордалықтар енді 19 қазанда «Қайсар» - «Ордабасы» матчының жеңімпазымен ойнайды.
«Астана» — «Мақтаарал» 1:0 (0:0)
Гол: Лебон 90 (1:0).
Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалы өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Алғашқы кездесу «Қайрат» пен «Ақжайық» арасында өтіп, нәтижесінде жартылай финалға Орал командасы шықты.
Кейін «Тараз» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады. Жартылай финалға алаң иелері өтті.