18:19, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Астана қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды - Н.Назарбаев
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Астана - тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның сәттілік стратегиясы әрі тактикасы. Бұл туралы бүгін Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Өздеріңізде ойлап көріңіздер, 15 жылдың ішінде елорда қалалық экономиканың, халықтың, тұрғындардың дамуының таңқаларлық жоғары қарқынын көрсетті», - деді Мемлекет басшысы.
Осы ретте ҚР Президенті 15 жылдың ішінде Астананың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 60 млрд. теңгеден, 2,7 трлн. теңгеге дейін, яғни 45 есе өсім көрсеткендігін баса айтты.
«Астана барша қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды», - деді Н.Назарбаев.