Астана келісімі бұзылды: Сирияда не болып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Таяу Шығыстан тағы да маза кетті. Израиль мен Ливан топтары қарулы қақтығысты тоқтату режимі жайлы уағдаластыққа келген сол-ақ еді келесі күні Сирияның қарулы топтары үкіметтік күштерге қарсы ұзақ жылдардан бергі ең қуатты шабуылын бастап кетті. Сенбі, 30 қараша күні олар Сириядағы көлемі жағынан екінші орында тұрған Алеппо қаласының басым бөлігін бақылауға алды. Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Арсен Өтешов оқиғаның қалай өрбіп жатқанын баяндайды.

«Басқыншылықты тежеу» операциясы
Тұтқиыл шабуыл сәрсенбі, 27 қараша күні Алеппо өлкесінің солтүстік бөлігіндегі Сирияның үкіметтік армиясының бекінісіне басқыншылықпен басталды. Ал операцияның өзі «Басқыншылықты тежеу» деген атау алды.
Шабуылға «Хайят Тахрир аш-Шам» әскерилендірілген исламшыл тобы басшылық жасады. Бұл топ ұзақ жылдарден бері Сирия жанжалына қатысып келеді. Сириядағы азаматтық соғыс жылдарында ол «Джебхат ан-Нусра» деген атаумен (Қазақстанда тыйым салынған ұйым — авт.) танымал болды және «Әл-Каиданың» (бұл ұйымға да елімізде тыйым салынған — авт.) бұрынғы сириялық бөлімшесі саналды.
Кейінірек «Джебхат ан-Нусра» «Әл-Каидадан» алшақтауға тырысып, атауын «Хайят Тахрир аш-Шам» деп өзгертті. Бұл ұйым азаматтық соғыс жылдарында Сирия президенті Башар Асадқа қарсы шыққан топтардың ішінде ең тиімді әрі жойқын салатын ұйым ретінде саналып келді. Топтың қозғаушы күші — жиһад идеологиясы.
2020 жылдың наурызында сириялық оппозициялық қарулы күштерді қолдайтын Түркия мен Башар Асадта дем беріп отырған Ресей уақытша бітімге уағдаласқан еді. Өткен аптаға дейін қақтысты тоқтату біршама сақталып келді десек те болады. «Хайят Тахрир аш-Шам» содырлары Сириялық солтүстік-батыс бөлігін — Идлиб өлкесінің басым бөлігін бақылауда ұстап тұр. Олар жақсы бекініс аудандарын жасқатап, тіпті іс жүзінде жергілікті әкімшілік құрып алды десек те болады.

Алеппо басып алынды
«Хайят Тахрир аш-Шам» топтары мен оның одақтастар күштері Башар Асадтың үкіметтік әскеріне қарсы шабуылы қарқын ала түсті. Үкіметке қарсы күштер өлкедегі бірқатар стратегиялық позицияны бақылауында ұстап отыр. Ал сенбі күні олар 2016 жылдан бері алғаш рет айтарлықтай қарсылық көрместен Алеппо қаласының басым бөлігін басып алды. Серакиб, Маарет-эн-Нууман, Хан-Шейхун және Идлиб өлкесіндегі Кафр-Набль қалалары «Хайят Тахрир аш-Шам» топтары мен оның одақтастарының қарамағына өтті.
Syrian National Army (SNA) FPV drone strike on large group of Assad regime forces near the Defense Factories axis in Aleppo pic.twitter.com/TXWahRc4wY
— Clash Report (@clashreport) December 2, 2024
Сенбі күні Сирия әскерилері сенбі күні содырлардың Алеппп қаласының «басым бөлігіне» кіргенін және ұрыс қимылдары барысында ондаған жауынгердің өлгенін немесе жарақат алғанын растады. Мәлімдемеде «қарсы шабуылға дайындалу үшін» әскердің Алеппо қаласынан уақытша шығарылғаны айтылады.
Үкіметке қарсы топтардың бір бөлігі Идлибтің оңтүстігіндегі келесі бірі ірі сириялық қала — Хамаға бағыт алған. Алепподағы ұрыс қимылдары барысында ирандық бригада генералы Киумар Пурхашеми мерт болды. Сондай-ақ Алепподағы Иран консульдығы да шабуылға ұшырады.
Сирия армиясы қарсы шабуылға шықты
Сенбі күні Сирия араб армиясы Алеппо мен Идлиб өлкеріндегі Хайят Тахрир аш-Шам» топтары мен оның одақтастарының позицияларына қарымта шабуыл бастады.
Дәл сол уақытта ресейлік авиация сириялық әскерилермен бірге Атариб, Дарат-Изза аудандарындағы және іргелес ауылдардағы, сонымен қатар оппозиция бақылауында ұстап отыр Идлиб өлкесіндегі аудандардағы содырлар позициясына әуеден шабуыл жасады. Жексенді күні сириялық армия содырларды ығыстыру үшін Алеппо мен Идлиб қалаларында бірнеше рет қарымта шабуыл жүргізді. Сириялық телеарналар соңғы үш күннің ішінде үкіметтің әскердің мыңға жуық содырдың көзін жойғанын хабарлауда.
بعد سيطرة الفصائل المسلحة على مطار النيرب العسكري في حلب.. كاميرا الحدث ترصد الأوضاع من محيط المطار #سوريا #حلب #الحدث pic.twitter.com/h97uwdWsSG
— ا لـحـدث (@AlHadath) December 2, 2024
Астана келісімінің бұзылуы
Иран Сыртқы істер министрінің өкілі Э.Бакаи Сирияға шабуылдың АҚШ пен Израиль ұйымдастырғанын мәлімдеді. Ол Сирияда тәкфірлік лаңкестік топтар қызметінің жандануы мүмкін екендігін ескертіп, өңірде терроризмнің таралуының алдын алу үшін батыл әрі үйлесімді шаралар қабылдауға шақырды.
Иран сыртқы саяси ведомствосының өкілі Астана процесінің үш кепілгер мемлекеті (Иран, Түркия және Ресей) арасындағы қолданыстағы келісім негізінде Сирияның Алеппо және Идлиб өлкелерінің шеткері жақтары деэскалация аймақтары ретінде белгіленгенін мәлімдеді. Осыған байланысты аталған аумақтарға лаңкестік топтардың шабуылдары Астана келісімдерін сорақы және өрескел бұзу саналады.
Түрік билігі соңғы апталарда оппозицияның бақылауындағы аймақтарға үкіметтік әскер шабуылдарын тоқтату мақсатында шектеулі көтерілісшілер шабуылы жоспарланған деп мәлімдеді. Бірақ үкімет әскері шегіне бастаған кезде ол ұлғая түсті.

Шетелдік қолдау
Ресей мен Иранның Сыртқы істер министрлері сенбіде телефон арқылы келіссөз жүргізіп, көтерілісшілерге қарсы күресте Сирияны қолдауға уәделесті және Сирия, Ресей, Иран және Түркия арасындағы әрекеттерді үйлестіру қажеттілігін атап өтті. Әңгіме барысында Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи бұл шабуыл «аймақты тұрақсыздандыру жөніндегі америкалық-сионистік жоспардың» бөлігі екенін айтты.
Қарулы топтардың шабуылына жауап ретінде Мәскеу 72 сағат ішінде Дамаскіге қосымша әскери көмек көрсетуге уәде берді. Ресейдің жаңа әскери техникасы Сирияның жағалауындағы Латакия қаласының жанында орналасқан Ресейдің Хмеймим әуе базасына келе бастады.
Сонымен қатар, дүйсенбіге қараған түні Иранның қолдауымен Ирактың қарулы топтары Сириямен шекараны кесіп өтіп, көтерілісшілермен күресіп жатқан Сирия армиясын күшейту үшін елдің солтүстігіне қарай бет алды, деп хабарлады Reuters.
Өз кезегінде А.Аракчи аймақтық турын бастады. Оның аясында ол Дамаск пен Анкараға барды.
Асад кеңсесінің мәлімдемесіне сәйкес, Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Дамаскіге сапары кезінде Сирия басшысын Тегеран үкіметтің қарсы шабуылын қолдауға дайын деп сендірді.
Ирак премьер-министрі М.ас-Судани Ирактың Дамаскіге толыққанды көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Араб басшылары, оның ішінде Иордания Королі Абдалла II мен Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бин Заид Әл Нахайян да Асадқа өздерінің ынтымақтастықтарын білдіру үшін қоңырау шалды.
Сирия президентінің мәлімдемесі
Сенбі күні кешкісін Башар Асад орын алған жайтқа байланысты бірінші рет мәлімдеме жасады.
— Сирия барлық лаңкес пен оларды қолдаушылар алдында өзінің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын қорғауын жалғастырады. Ол достары мен одақтастарының көмегімен лаңкестік шабуылдар қаншалықты белсенді болғанына қарамастан, оларды жеңуге және жоюға қабілетті, — деді Асад Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығымен телефон арқылы сөйлескен кезінде.
Алайда, Сирия көшбасшысы камера алдында көрінбеді. Сирия Президентінің орналасқан жері туралы бірнеше күн бойы сенімді ақпарат болған жоқ. Сенбіде Дамаскідегі ықтимал әскери төңкеріс туралы қауесет тарады. Бірақ сириялық БАҚ бұл ақпаратты жоққа шығарып, қала Үкіметтің бақылауында екенін мәлімдеді.
Мұнан ары не болмақ?
Сарапшылар содырлардың мұндай жылдам ілгерілеуі себептерінің бірі — Сирия-Иран одағы мен «Хезболланың» аймақтағы израильдік шабуылдардың салдарынан әлсіреуі болғанын айтады. Жанжал Ресей мен Түркияның да бұл іске араласу қаупін тудырады. Олардың әрқайсысының Сирияда қорғалуы тиіс мүдделері бар.
Қазіргі уақытта Асад пен оның одақтастарының күштері әуе кеңістігін бақылауда ұстап тұрған жағдайда көтерілісшілер басып алған Сирия аумағын қарамақтарында ұстап қала ма, жоқ па белгісіз.