«Астана кештері» алғашқы өнер фестиваліне қазақстандық және шетелдік өнер жұлдыздары қатысады
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - 27-29 маусым аралығында Астана күніне орай елордада «Астана кештері» атты алғашқы өнер фестивалі өтеді. Оған қазақстандық және шетелдік сахна өнерпаздары қатысады деп күтілуде.
Осы фестивальдік концерттерге билеттер Конгресс-Холл кассалары арқылы ақысыз таратылмақ. Атап айтқанда, бұл қайырымдылық жоба болып табылады. Концерттерде Дариға Назарбаева, Әлібек Дінішев сынды вокалшылар, дирижер Ренат Салаватов, пианист Тимур Орманшиев, жас опера жұлдыздары Медет Шотабаев пен Андрей Трегубенко, ресейлік органшы Рубин Абдуллин және басқа да өнерпаздар қатысады. Айта кетейік, бұдан былай осы шараны жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.