08:36, 29 Маусым 2010 | GMT +5
                                        «Астана-Киев» жолаушылар пойызының 2 сағатқа кешігуі БҚО-да шақпа тастар тасымалдайтын вагондардың рельстен шығып кетуінен болған
                                            АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - «Астана-Киев» жолаушылар пойызының 2 сағатқа кешігуі Батыс Қазақстан облысында шақпа тастар тасымалдайтын вагондардың рельстен шығып кетуінен болған,
                                        
                                        
                                     
                                              деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз орталығы.
Сейсенбі, маусымның 29-ы күні сағат 00.25-те Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында «Вавилино-Семиглавый Маар» аралығының 1185 шақырымында шақпа тас тасымалдайтын №4501 пойызының вагондары тепловозбен бірге рельстен шығып кеткен. Соның салдарынан «Астана-Киев» бағытындағы №107 жолаушылар пойызы екі сағатқа кешіктірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарланды.