Астана əкімдігі 6 жасар баланың көпірден құлап, мерт болуына байланысты түсінік берді
"Өткен аптада 6 жасар баланың көпірден құлап, қаза тапқандығы туралы қайғылы ақпараттың таралғаны белгілі. Қазіргі уақытта Астана қаласының əкімдігі бұл оқыс оқиғаны назарға алып, бақылауда ұстауда. Мұнан бөлек, саяжай учаскелері қауымдастығы мен сол жердің тұрғындарынан Есіл ауданының əкімдігі қажетті ақпараттарды жинады. Көпірге қатысты қандай да бір шешім қабылданса, қосымша хабарлайтын боламыз ", - деді ол.
Элвира Жүргенбаеваның атап өтуінше, қайғылы оқиға орын алған көпір қауіпсіздік үшін уақытша қоршалып, арнайы белгілер қойылған.
"Əрине, бұл уақытша қабылданып отырған шара. Көпірдің одан кейінгі тағдыры қалай боларын əкімдік шешеді", - деді қала əкімінің баспасөз хатшысы.
Еске салайық, Фейсбук әлеуметтік желісінде Астананың шеткі аймағындағы тұрғын алқаптарының бірінде көпірден 6 жасар баланың құлап кетіп, мерт болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Мәліметті елорданың Ішкі істер департаменті растады. Қайғылы оқиға 23 қыркүйек күні болған. Анықталғандай, жаяу жүргіншілерге арналған ескі аспалы көпір жартылай сынып, судың ішіне кіріп кеткен. Бірақ елдімекен тұрғындары оны судың екінші жақ бетіндегі нысандарға қатынаудың қысқа жолы ретінде осы күнге дейін пайдаланып келген.