Астана кинотеатрындағы төбелес: бұзақылар екі жылға сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Елорданың екі тұрғыны кинотеатрларға келушілерге дөрекілік танытып, қол көтерген. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлайды. 

суд, судья, сот
Фото: freepik.com

«Екі азамат кинотеатрда адамдарға құрметсіздік танытып, орындықтан аттап, сол жерде отырған келушілерді жанап өткен. Онымен қоса тәртіп бұзушылар ескерту жасаған көрермендерді соққыға жыққан. Сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушілердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен екі кінәлі 2 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар бұзақыларға пробациялық бақылау белгіленіп, жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

«Олардан әр жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге шамасында материалдық және моральдық залал өндірілді», - дейді елорда прокуратурасынан.

Үкім заңды күшіне енді.