Астана кітапханаларында қаланың 15 жылдығына арналған көрмелер, әңгімелер мен кездесулер өткізіледі

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Астананың барлық кітапханаларында шілде бойы елорданың 15 жылдық мерекесіне арналған көрмелер, әңгімелер мен кездесулер мен түрлі іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының медиатобына сілтеме жасап astana.kz сайты.

Астана кітапханаларында қаланың 15 жылдығына арналған көрмелер, әңгімелер мен кездесулер өткізіледі

Астананың кішкентай тұрғындары үшін қалада бірқатар танымдық әңгімелер мен көрмелер ұйымдастырлады. №2 балалар кітапханасында «Астана - арман қала» тақырыптық сөресі мен «Жаса, жайна ару қалам - Астана!» кітап мерекесі жоспарланған.

«Туған күніңмен, Астана!» тақырыбын №3 балалар кітапханасы, «Астана - менің бас қалам» іс-шарасын №4 балалар кітапханасы өткізеді.

«Бұл жер бетіндегі ең сүйікті қала» тақырыбымен №5 кітапхана көрмесін ашса. «Астанам - ең көркем кала» өлкетану сабағын №8 балалар кітапханасы өткізеді.

Қаланың көпшілік кітапханалары да бірқатар кешенді мерекелік іс-шараларды әзірлепті. Олардың қатарында №2 кітапханадағы «Астана - бұл бір әлем!», «Елорда келбеті» және №5 кітапхандағы «Жасай бер, әсем Астана!» іс-шаралары бар.

«Астана - Қазақстанның жетістігі мен табысының нышаны» тақырыптық сөресімен басталған мерекелік көрмелер, №6 кітапханада кітап мерекесіне, №10 кітапхандағы «Ару қала - Астана» іс-шарасына жалғасады. «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» №11 кітапханада өтеді.

«Осы аталған іс-шаралардың барлығы да адамның жанын байытып, рухани азық ретінде патриоттық тәрбиеге бағытталған үлкен маңызды іс-шаралар. Сол арқылы әдеби және шығармашылық мүмкіндіктермен жақын танысып, елорданың мәдени өміріне қанығасыз», делінген хабарламада.