«Астана» клубы Еуропа Лигасы тобына шықса, 2,4 миллион еуро табыс табуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ел чемпионы болған «Астана» Беларусьтың БАТЭ командасымен Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчын өткізеді.
Егер қазақстандық клуб сәтті ойын көрсетіп, топтық кезеңге өтсе, 2,4 миллион еуро сыйақы алуы мүмкін. Одан бөлек бонустар тағы бар: топтың кезеңдегі әр жеңіс үшін 360 мың еуро және әр тең ойын үшін 120 мың еуро беріледі. Топтық кезең жеңімпазы қосымша 500 мың, екінші орын иегері - 250 мың еуро алады, деп жазды Sports.kz.
1/16 финалына шыққан командаға жарты миллион еуро беріледі. 1/8 финалына қатысу қосымша 750 мың еуро, ширек финал - миллион еуро, ал жартылай финалда - бір жарым миллион еуро алуға мүмкіндік бар. Сатылған билет құнын қосқанда, Еуропа Лигасының жеңімпазы тағы 6,5 миллион еуро, ал жеңілгені 3,5 миллион еуро алады.
Еске сала кетейік, кездесу уақыты: 00:00-де. «Қазақстан» телеарнасында трансляция жүргізіледі.