«Астана» клубының велошабандозы Гуардини «Лангкави турының» сегізінші кезеңінде жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» велошабандозы Андреа Гуардини «Тур Лангкави»-2016 көпкүндік жарысында үш кезеңде мәреге бірінші болып жетіп, жарыстың соңғы сегізінші кезеңі бойынша да жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Астана» клубының велошабандозы Гуардини «Лангкави турының» сегізінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Сегізінші кезеңде екінші болып мәреге «Southeast-Venezuela» командасының спортшысы, тағы да бір итальяндық Якуб Марежко келді, үшінші орында - «Aisan Racing Team» спортшысы жапондық Шики Куроеда.

Жарыстың қорытынды сынағында «Dimension Data» велошабандозы ОАР райдері Рейнардт Ренсбург бірінші орында, екінші орында - «UnitedHealthCare Professional» командасынан колумбиялық Даниэль Алехандер Харамильо Диез, үшінші орында - «Астаналық» Мигель Анхель Лопес.

«Лангкави туры». Сегізінші кезең.
Batu Pahat - Melaka Loop. 119 км

1. Андреа Гуардини (Италия, «Астана»)
2. Якуб Марежко (Италия, «Southeast-Venezuela»)
3. Шики Куроеда (Япония, «Aisan Racing Team»)
Соңғы сынақ:

1. Рейнардт Ренсбург (ОАР, «Dimension Data»)
2. Даниэль Алехандер Харамильо Диез (Колумбия, «UnitedHealthCare Professional»)
3. Мигель Анхель Лопес Морено (Колумбия, «Астана»).