Астана қоғамдық көліктерінде жолақыны мобильді қосымшалармен де төлеуге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақысын QR-код сканерлеп төлеу Beeline операторларының Мой Beeline, Tele2 және Altel мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Астана қаласында жолақысын QR-кодты сканерлеу арқылы келесі мобильді қосымшалармен төлеуге болады:

- Kaspi.kz

- Homebank

- Tolem

- Мой Activ

- Kcell

- Мой Beeline

- Теле2 Казахстан

- Altel

Жолақысын көлік картасымен де төлеуге болады. Картаны мамандандырылған кассалар мен RTVM-автоматтарда сатып алу қажет. Кассалар мен RTVM-автоматтардың мекенжайлары Transcard сайтында және CTS қосымшасында орналастырылған», - деп жазды «City Transportation Systems» ЖШС.

Төлем автобусқа кіре берісте жүргізілетінін естеріңізге сала кетейік. Жолаушыларды түсіру алдыңғы есіктен басқа барлық есіктер арқылы, ал автобусқа отырғызу алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі баланы ерткен жолаушылар кезектен тыс кіру құқығы бар.


Соңғы жаңалықтар