Астана-Көкшетау автобанында көлік аударылды - облыстық ІІД

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - 17 қыркүйекте Астана-Көкшетау автобанының 234-шақырымында көлік апаты орын алды, деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Астана-Көкшетау автобанында көлік аударылды - облыстық ІІД

Белгілі болғанындай, Көкшетау қаласына бағыт алған «Мицубиси Паджеро» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

Апат кезінде көлік салонында жүргізуші, оның жұбайы мен олардың 2 және 3 жасар екі баласы болған. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауданның орталық ауруханасына түсті.