Астана-Көкшетау тас жолында Тойота өртеніп кетті
КӨКШЕТАУ-ҚазАқпарат - «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында «Тойота Превия» өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында Ақкөл ауданының аумағында болған.
«Алдын ала мәлметтер бойынша, «Тойота-Превия» көлігінің қозғалтқышындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шыққан. Көлік түгелдей жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Сгорело авто на трассе Астана - Кокшетау😱 @kokshevideogram #кокшевидеограмавто