17:54, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Астана - Көкшетау трассасында автобус аударылды, зардап шеккендер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 29 желтоқсанда «112» номеріне Астанадан 20 шақырым жерде Көкшетау трассасында Омбы-Астана бағытымен жүрген автобус аударылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана қаласы бойынша ТЖД оқиға орнына Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағын жіберді.
Оқиға орнынан 18 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды. Қазір олар Астана қаласына жеткізілмек. 2 адам зардап шекті. Оларға Төтенше жағдайлар комитетінің апаттық-медицина орталығының қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр.
Апаттық-құтқару жұмыстарына ҚР ІІМ ТЖК 13 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
ТЖД ауа райы нашар болған жағдайда алыс сапарға шықпауға кеңес береді.