Астана көктемгі тасқын суларға дайындалуда

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - «Астана су арнасының» желілері мен құрылыстары қар суын қабылдауға дайын. Бұл туралы astana.kz сайтына кәсіпорынның баспасөз қызметі мәлім етті.
None
None

Су тасқынына дайындық жұмыстары барысында 98 кәріздік сорғы стансасында электр қуатты және технологиялық жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Астана су қоймасындағы судың мөлшері 219,31 млн. текше метр деңгейіне дейін жетіп отыр. Бұл 410,9миллион текше метр су қабылдай алатын қойманың жобаланған көлемінің 51%-ын құрайды.

Қорғалжын тас жолының астына қар суын өткізетін диаметрі 1200 миллиметрлік құбырлар салынған. Ол су тасқынына төтеп бере алады.

Алда-жалда төтенше жағдай орын ала қалса, арнайы алып сорғылар, кәріз жуу көліктері мен жер қазатын техникалар да дайын тұр.

Сорғы-сүзгі стансасында кәріз сорғыларына күрделі жөндеу жүргізіліп, тіреуіш арматуралары ауыстырылды.

Сондай-ақ, дамбылар мен «Талдыкөл» жинақтаушы-буландыру орнындағы судың деңгейіне тұрақты бақылау орнатылған.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «Талдыкөл» жинақтаушы-буландыру орнында көлемі 50,11 миллион текше метр су жиналыпты. Бұл жобалау көлемінің (65,2 миллион) 77%-ын құрайды.

Соңғы жаңалықтар