Астана колледждеріне құжат қабылдау басталды: биыл 10 мыңнан аса грант бөлінді
АСТАНА.KAZINFORM — Астана қаласының колледждеріне талапкерлерден құжат қабылдау науқаны басталды. Елордада қазіргі таңда 32 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 9 мемлекеттік және 23 жекеменшік оқу орны бар.
2026-2027 оқу жылына колледждерге құжат қабылдау әр мамандықтың ерекшелігіне қарай әр түрлі уақытта жүргізіледі.
25 маусым — 27 тамыз аралығы:
* жұмысшы мамандықтары бойынша;
25 маусым — 22 тамыз аралығы:
* орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына, негізгі және жалпы орта білім негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанына;
25 маусым — 20 шілде аралығы:
* шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға;
25 маусым — 10 тамыз аралығы:
* техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізіндегі педагогикалық мамандықтарға;
25 маусым — 10 тамыз аралығы:
* негізгі орта білім негізіндегі медициналық мамандықтарға;
25 маусым — 15 тамыз аралығы:
* жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізіндегі медициналық мамандықтарға;
25 маусым — 27 тамыз аралығы:
* ақылы негізде күндізгі оқу нысанына;
25 маусым — 20 қыркүйек аралығы:
* кешкі және сырттай оқу нысандарына.
Айта кетейік, колледждер құжаттарды онлайн eGov порталы арқылы қабылдайды.
Колледжге түсу үшін талапкерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
* оқуға қабылдау туралы өтініш;
* білім туралы құжат;
* 3×4 көлеміндегі цифрлық фотосурет;
* № 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама;
* жеңілдік қарастырылған санаттарға жататын талапкерлер үшін мәртебесін растайтын құжаттар.
Жеке куәлікті ұсыну талап етілмейді. Қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.
Айта кетейік, 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында Астана қаласының колледждеріне жалпы саны 10 300 гранттық орын бөлінді.
Жұмысшы біліктіліктері бойынша 15 колледжге 3 224 орын бөлінді. Оның 6-ауы — мемлекеттік, 9-ы — жекеменшік. 9-сынып базасында — 2 969 орын, 11-сынып базасында — 255 орын қарастырылған.
Мақсатты мемлекеттік тапсырыс аясында 6 колледжге 376 орын бөлінді. Бұл бағыт бойынша 47 кәсіпорын бекітіліп, дуалды оқыту мен жұмысқа орналастыру тетіктері қарастырылған.
Инклюзивті білім беру бойынша 5 колледжде 93 орын бөлінді. Атап айтқанда:
* Құрылыс-техникалық колледжі;
* Қоғамдық тамақтандыру колледжі;
* Сервис және туризм колледжі;
* Швейцариялық-американдық колледжі;
* URBAN COLLEGE.
Орта буын мамандары мен қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына 6 607 грант бөлінді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысының ұлғаюы техникалық және кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Биылғы қабылдау науқанында талапкерлер еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алып, болашақ мамандығын игеруге мүмкіндік алады.
Айта кетелік биыл колледжге құжат қабылдау қашан басталатыны туралы жазған едік.