«Астана» командасы Тур де Франс додасына қатысатын велошабандоздардың тізімін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» велокомандасы өткен жылғы Тур де Франс жеңімпазы Винченцо Нибалиге өз титулын қорғап қалуына көмектесу үшін Тур де Франс-2015 жарысына қатысатындарды атады, деп жазады velolive.com.

«Астана» командасы Тур де Франс додасына қатысатын велошабандоздардың тізімін жариялады

4 шілдеде Утрехтте жарыс жолына төменде аты аталған спортшылар шығады:

Винченцо Нибали (Vincenzo Nibali), Ларс Боом (Lars Boom), Микеле Скарпони (Michele Scarponi), Андрей Гривко (Andrei Grivko), Дмитрий Груздев (Dmitriy Gruzdev), Лиуве Вестра (Lieuwe Westra), Танел Кангерт (Tanel Kangert), Якоб Фуглсанг (Jakob Fuglsang), Рейн Таарамяэ (Rein Taaramae).

Тур де Франс жеңімпазы титулын қорғауға Винченцо Нибали топтық жарыста Италияның чемпионы ретінде шығады.