«Астана» командасының капитаны Фабио Ару «Вуэльта» көпкүндігінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Вуэльта» велокөпкүндігінің соңғы кезеңі аяқталды, шабандоздар 100 шақырым қашықтықты жүріп өтіп, Мадридке келді.

«Астана» командасының капитаны Фабио Ару «Вуэльта» көпкүндігінің жеңімпазы атанды

Бұл туралы sports.kz жазады.

«Вуэльтаның» соңғы кезеңінде үздік нәтижені немістердің «Giant-Alpecin» командасының шабандозы Джон Дегенкольб көрсетсе, екінші болып голландиялық Дэнни Ван Поппел («Trek»), үшінші у люксимбургтік Жампи Дрюккер (ВМС) келді.

Соңғы кезеңдегі «Астананың» үздік нәтижесіне Луиса Леона Санчес қол жеткізді, ол 67-ші болып келді. «Астананың» қалған велошабандоздары келесі тәртіппен келді: Микель Ланда - 70-ші, Фабио Ару - 71-ші, Алессандро Ванотти - 72-ші, Дарио Катальдо - 73-ші, Диего Роса - 74-ші,Андрей Зейц - 83-ші.

Жалпы қорытында нәтиже бойынша «Астана» командасының шабандозы Фабио Ару жеңімпаз атанды.

«Вуэльта». 21-ші кезең. Алькала-де-Энарес - Мадрид. 98.8 шақырым 1. Джон Дегенкольб (Германия, «Giant-Alpecin») - 2:34:13 2. Дэнни Ван Поппел (Нидерланды, «Trek) 3. Жампи Дрюккер (Люксембург, ВМС) 67. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») - +0:20 70. Микель Ланда (Испания, «Астана») 71. Фабио Ару (Италия, «Астана») 72. Алессандро Ванотти (Италия, «Астана») 73. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») 74. Диего Роса (Италия, «Астана») 83. Андрей Зейц (Казахстан, «Астана») - +0:28 Жалпы есеп: 1. Фабио Ару (Италия, «Астана») - 85:36:13 2. Хоаким Родригес (Испания, «Катюша») - +1:17 3. Рафал Майка (Польша, «Tinkoff-Saxo») - +1:24 20. Диего Роса (Италия, «Астана») - +43:27 25. Микель Ланда (Испания, «Астана») - +51:30 33. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») - +1:15:05 57. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») - +2:18:30 68. Андрей Зейц (Казахстан, «Астана») - +2:32:07 135. Алессандро Ванотти (Италия, «Астана») - +3:53:40.