«Астана» командасының капитаны «Тур де Франстың» 18-ші кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА.  Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - «Астана» командасының капитаны Альберто  Контадор  «Тур  де Франс» көпкүндігінің   18-ші кезеңінде   жеңіске жетті.

«Астана»   командасының  капитаны «Тур де Франстың»  18-ші кезеңінде    жеңіске  жетті

26   жастағы  велошабандоз    Аннесиде  өткен  40,4  шақырымдық  жеке  жарыста жеңіске жетті  деп хабарлайды ҚазАқпарат Eurosport  сайтына  сілтеме  жасап.

Альберто  Контадор    ең  жақын  қарсыласы    Вабиан  Канчеллериден (Saxo Bank)   3 секунд  алда келді.

Альпі Венециясында  үшінші  орынды  «Катюша» командасының  өкілі Михаил Игнатьев   иеленді.  

«Астаналық»    Андреас Клёден  - тоғызыншы нәтиже көрсетсе,    Лэнс Армстронг -     сөреге 16-шы    болып  келді.  Бірақ та, Армстронг жалпы  жіктелімде  үшінші орынға  табан тіреді.