21:28, 27 Мамыр 2016 | GMT +5
«Астана» командасының капитаны В.Нибали «Джиро д'Италия» көпкүндігі 19-кезеңінің жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының капитаны, италиялық сайыпқыран Винченцо Нибали бүгін "Джиро д'Италия" көпкүндігінің 19-кезеңін сәтті өткізіп, жеңімпаз атанды.

«Еуроспорт» телеарнасынан көрсеткеніндей, В.Нибали 162 шақырымды 4 сағат 19 минут 56 секундта жүріп өтіп, мәре сызығын жекедара қиды. Испаниялық, Team Sky командасының өкілі Микель Ниеве екінші, колумбиялық Эстебан Чавес (Orica GreenEDGE) үшінші келді.
Айта кетейік, осы табысынан кейін В.Нибали бас кестеде төртінші орыннан екінші сатыға көтеріліп, көш бастаған Э.Чавестен 44 секундқа қалып келеді.