08:12, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
«Астана» командасының велошабандоздары көпкүндік екі жарыстың чемпиондары атанды
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – «Астана» командасының велошабандозы Альберто Контадор «Тур Алгарве» (Tour of Algarve) көпкүндігінде ағымдағы маусымдағы өзінің бірінші жеңісіне қол жеткізді.
Атап айтқанда, Контадор 2009 жылғы алғашқы жеңісіне Тавирдегі жарыста ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Астаналық» Леви Лейфаймер «Тур Калифорнии» (Amgen Tour of California) жарысының чемпионы атағын осымен үшінші рет жеңіп алып отыр. 9 күнге созылған және 1 256 шақырымдық (780 миль ) жарыста Лейфаймер Garmin-Slipstream командасының велошабандозы Дэвид Забрискиден 36 секундқа, Columbia командасының өкілі Майкл Роджерстен 45 минутқа озып келді. Енді екі спортшы да «Париж-Ницца» және Vuelta a Castilla y León жарыстарына аттанады.