«Астана» командасының велошабандозы Альберто Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінің 15-ші кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. Шілденің  20-сы.  ҚазАқпарат -   «Астана» командасының  велошабандозы  Альберто  Контадор  «Тур де Франс» көпкүндігінің 15-ші кезеңінде жеңіске  жетті.

«Астана»   командасының   велошабандозы  Альберто  Контадор   «Тур де Франс»  көпкүндігінің  15-ші кезеңінде жеңіске жетті

Жексенбі күні спортшылар     Понтарльеден   Вербьеге  дейінгі  207,5 шақырымдық аралықты бағындырды,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат euronews.ru  сайтына  сілтеме  жасап. 

Екінші  болып Team Saxo Bank өкілі    Энди  Шлек  (Люксембург)  келсе,    үшінші  болып   сөре  сызығын Liquigas  командасының  өкілі  итальяндық  Винченцо Нибали  кесті.

Осы  жеңістің арқасында Контадор     бас  жіктелімде  көш бастап  отыр.   Одан кейінгі   орында оның  командалас серігі  Лэнс Армстронг (+1.37 ) келеді.    Күштілер үштігін    әзірге Брэдли Уиггинс (+1.46)   түйіндеуде.