«Астана» командасының велошабандозы Италияда 4-ші орынға тұрақтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының велошабандозы Фабио Ару «Джиро дель Эмилия» қорытындысы бойынша төртінші болып келді, деп хабарлайды Sports.kz.
Айта кетейік, Италия жолдарындағы «Джиро дель Эмилия» бір күндік жарысы аяқталды.
Жарыстың жеңімпазы колумбиялық «Orica-BikeExchange» командасының мүшесі Эстебан Чавес болды. Екінші орынды AG2R командасынан француз Ромен Барде жеңіп алды. Колумбия командасының тағы бір өкілі Ригоберто Уран үшінші болып келді.
Ал, «Астана» командасының велошабандозы Фабио Ару төртінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ Микеле Скарпони 37-ші болып келсе, Диего Роза 43-ші, Андрей Зейц 56-шы орынға тұрақтады. Мигель Анхель Лопес, Якоб Фульсанг, Бахтияр Қожатаев пен Паоло Тиралонго жарысты аяқтай алмады.