«Астана» командасының велошабандозы Санчес «Валенсия Вуэльтасында» екінші орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Вуэльта Валенсиясы» велокөпкүндігінің финалдық кезеңдері болды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Астана» командасының велошабандозы Санчес «Валенсия Вуэльтасында» екінші орын алды

Бүгінгі кезеңнің жеңімпазы ВМС командасының мүшесі бельгиялық Юрген Руландтс болды. Екінші болып, голландиялық «LottoNL-Jumbo» командасынан Данни Ван Поппель, үшінші болып «AG2R La Mondiale» командасынан «AG2R La Mondiale» келді.

«Астана» командасының шабандоздарының арасында ең үздік нәтижені сегізінші болып келген Евгений Гидич көрсетті.

«Валенсия Вуэльтасы» Бесінші кезең, Paterna - Valencia. 135 километр

1. Юрген Руландтс (Бельгия, ВМС) - 2:58:26

2. Данни Ван Поппель (Нидерланды, «LottoNL-Jumbo»)

3. Клемент Вентурини (Франция, «AG2R La Mondiale») - +0:01

8. Евгений Гидич (Қазақстан, «Астана»)

Жалпы есеп:

1. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») - 16:14:53

2. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») - +0:14

3. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») - +0:26.