11:49, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Астана көше тазартатын техникалармен толықты
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астана әкімдігі «Астана тазалық» ЖШС коммуналдық кәсіпорнына қала көшелерін тазартатын 21 техниканың кілтін табыстады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның ішінде 14 әмбебап техника, 9 жаяу жүргіншілер жолдарын тазартатын техника және «jetbroom» атты қар тазартқыш, сыпырып-жинайтын 2 көлік бар. Аталмыш көліктерге елорда бюджетінен 2 млрд. теңге бөлінген. «Астана коммуналдық шаруашылығы» кәсіпорнынан бөлініп шыққан «Астана тазалық» ЖШС 2008 жылдың қыркүйек айында құрылды. Бұл қайтақұрудың басты мақсаты елорданың санитарлық ?тазалық жұмыстарын күшейту. Кәсіпорынды негізгі қаржымен қала әкімдігі қамтамасыз етуді мойынына алған болатын», деді көліктерді тапсыру рәсімі кезінде елорда әкімінің орынбасары Василий Крылов.«Былтырдан бері елорда көшелерін тазалауға шығарылып келе жатқан бұл техникалар Астананың климаттық жағдайында жақсы төзімділік көрсетті. Биыл қаңтар айында жауған қардың көлемі былтырғыдан шамамен 1,5 есеге көп. Сондықтан жолдағы көлік қозғалысының жақсаруы, қаланың жинақылығы үшін жұмысты үдетуіміз керек», деді В.Крылов.