Астана көшелерімен велошабандоздар жүріп өтті
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Джиро д'Италия» көпкүндігінде жеңіске жеткен «Астана» велоклубының құрметіне әуесқой велошабандоздардың қатысуымен велошеру ұйымдастырылды.
Оған Олимпиада чемпионы, «Астана» велокомандасының бас директоры Александр Винокуров бастаған «Астана» велошабандоздары да қатысты.
Сондай-ақ, «Джиро д'Италия» көпкүндігінің жеңімпазы, «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали да команданы жеңісімен құттықтауға келген әуесқой велошабандоздарға алғысын білдірді.
Шарадан кейін «Астана» командасының мүшелері әуесқой велошабандоздармен бірге естелік суретке түсіп, қолтаңбаларын таратты.