Астана көшелерін түтін басты – Дәрігерлер көшеге шықпауға шақырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі құрғақ шөптің өртенуіне байланысты тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес беруде, деп хабарлайды ҚаАқпарат.

«Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты», - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіру жұмысын жүргізуде. Ол үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

Бұған дейін Қорғалжын тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар