Астана көшелерінде қар шығару жұмыстарының 70 пайызы аяқталды - Темір Әбижанов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қардың мол түсуіне байланысты (норма 9 мм, елордада түскен қар мөлшері 14 мм құрайды) қалалық коммуналдық қызметтер көшелерді тазарта бастады. Бүгінгі таңда тиісті жұмыстарға 778 арнайы техника мен 1400-ден астам жұмысшы тартылды, деп хабарлады astana.kz.
Бүгін Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Темір Әбижановтың журналисттерге жүргізіліп жатқан қар тазалау жұмыстары жайлы көрсетіп, айтып берді. 10-19 қарашада жұмыстарға 778 техника бірлігі, 1404 жұмысшы жұмылдырылды, соның ішінде:
- Алматы ауданында 192 техника бірлігі, 461 жұмысшы; - Сарыарқа ауданында 129 техника бірлігі, 238 жұмысшы; - Есіл ауданында 457 техника бірлігі, 705 жұмысшы; «Барлық коммуналдық қызметтер дайын. Қар тазалау жұмыстары шттаттық режімде жүргізіледі. Алаңдайтын ештеңе жоқ», - деді Темір Әбижанов. Оның айтуынша, қала аумағынан қар шығару жұмыстары күндіз-түні жүргізіледі. Қала көшелері мен жолдардағы, аулалардағы қар тазартылып жатыр. 18 қарашада қалалық коммуналдық қызметтер 23 000 текше м қар шығарды. Бүгінгі таңда көшелердің 70% қар шығару жұмыстары аяқталды. Жалпы, 27 қазан мен 18 қараша аралығында 67 951 текше метр қар шығарылды. Жыл сайын көшелерді тазалауға арналған арнайы техника саны артып келеді, көшелер мен тротуарларды тазалау жұмыстары күн сайын жүргізіледі. Көктайғақпен күресу үшін 25 000 м3 құм-тұз қоспасы әзірленді. Жалпы, коммуналдық қызметтер қыста қала аумағын тазарту жұмыстарына дайын.