Астана көшелеріндегі бағдаршамдардың режімі өзгертілмек - Жол полициясы
Бұл туралы бүгін журналистерге Жол полициясы басармасы жол бақылау бөлімінің бастығы Нұрлан Уваев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Енгізілетін өзгерістер Кенесары көшесі - Жеңіс даңғылы, Сарыарқа даңғылы - Кенесары көшесі және Сарыарқа - Абай көшелерінің қиылысында енгізіліп, ондағы бағдаршам объектілерінің жұмыс режімі түзетіледі. Дәл осындай өзгертулер Республика даңғылы мен Иманов көшесінің қиылысында жасалған болатын.
Н. Уваевтың айтуынша, Кенесары, Желтоқсан, Жеңіс, Сарыарқа, Абай көшелерінде көлік кептелегінің ұлғаюы, көлік қатынасының қиындауына әкеліп соқты. Жол полициясының, Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының аталған жаңашылдықтары осы көшелердегі көліктер ағынының азаюына себеп болады.
«Кенесары және Абай көшесімен тура бағытпен Сарыарқа даңғылы жаққа, Кенесары көшесінің Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына бағытталған бөлігінде келе жатқан көліктердің жүріп өту қабілеттілігі арттырылады, көлік ағынының кедергісіз өтуіне және көлік кептелегінің азаюына әкеледі», деп атап көрсетті Жол полициясының бөлім бастығы Н. Уваев.
«Республика даңғылы мен Иманов көшесінің қиылысында жасалған өзгертулер қоғам ішінде түсініксіздіктер туғызып, жүргізушілердің сынына ұшыраған болатын. Дегенмен бұл Кеңес одағы кезеңінен келе жатқан көлік кептелісіне қарсы ең тиімді әдіс», дейді Н. Уваев.