15:49, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Астана көшелерінің біріне Қаратай Тұрысовтың есімі берілуіне орай депутат әріптестері атынан алғыс айтты
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін Палатаның жалпы отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазан Сәрпеков елорданың бір көшесіне Қаратай Тұрысовтың есімін бергені үшін Астана қаласының әкімдігі мен мәслихатына әріптестері атынан алғысын жеткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымының депутаты болған Қаратай Тұрысов еліміздің өркендеуіне қыруар үлес қосқан тұлға. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесінің хатшысы, Мемлекеттік кеңесші, Қазақ КСР Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды.
Қаратай Тұрысов 2004 жылы тамыздың 1-інде 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды.