Астана көшесінде шекілдеуік шаққандар 10 тәулікке қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық соты тәртіпке бағынбаған 60-тан астам адамға қатысты шешім шығарды.

Астана көшесінде шекілдеуік шаққандар 10 тәулікке қамалды

Олар көшеге темекі тұқылын тастап, қоқыс шашып, тіпті, жұрттың көзінше дәрет сындырған. Араларында шемішке шағамын деп басы дауға қалғандары басым, деп хабарлайды 24.kz.

Судья залға бір-бірлеп енгендердің әрқайсысына жаза тағайындады. Тәртіп сақтамағандарды жұрт алдында ұялту үшін сот процесіне студенттер мен оқушылар да шақырылған. Ұяттан жұрдай отбасылы азаматтар енді заң алдында жауап беріп, 10 күнге қамалады. «Тәрбиелік мәні бар осындай ашық сот процестерін жоғары оқу орындарында қоғамның қатысуымен жиі өткізіп тұрамыз. Бұл алдағы уақытта ескерту ретінде және құқық бұзушыларды азайту мақсатында жасалуда», - деді Астана қаласы арнайы ауданаралық сотының судьясы Қанат Иманәлиев.