Астана күні қарсаңында су көлігін бақылау инспекциясының қызметі күшейтілген тәртіпке көшіріледі

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті, Астана қаласының әкімдігі, Ішкі істер департаменті,

Астана күні қарсаңында су көлігін бақылау инспекциясының қызметі күшейтілген тәртіпке көшіріледі

ТЖД суда құтқару қызметі, «Есіл -Астана» МКҚК өкілдерінің және қайықтарды жалға беру стансалары иелерінің қатысуымен өткен жиналыста мереке және демалыс күндері Астана қаласындағы Есіл өзенінде кемелерді пайдаланудың қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Басқосуда Есіл өзенінде су көліктерін қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің іс-шаралары да әзірленді.

Атап айтқанда, Астана қалалық ішкі істер департаментіне қалалық жағажай, жаяу жүргіншілерге арналған көпір секілді тұрғындар мен қала қонақтары көп жиналатын жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесін шешу ұсынылды. Ал, су көлігі арқылы жолаушы тасымалын жүзеге асырып жүрген «Есіл - Астана» МКҚК-не қалалық әкімдікпен бірлесе отырып, жолаушылардың кемеге отыру және түсу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұдан басқа, ҚР ККМ Көліктік бақылау комитетімен өзендерге арналған шағын кемелер мен қайықтарды жалға беру стансаларының иелері арасында кемелерді қолдануда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні елордада өзенге арналған 36 кеме мен 277 шағын кеме тіркелген.

Мұның сыртында, Астана қаласы бойынша өңіраралық «Сарыарқа» көліктік бақылау инспекциясы «Есіл -Астана» МКҚК-ның жолаушылар тасымалы үшін қолданып жүрген кемелерінің қауіпсіздік талаптарына қаншалықты сай екеніне тексеру жүргізді. Бүгінгі күні барлық шағын кемелер техникалық куәландырудан өткен, деп хабарланды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.