Астана күні қарсаңында жас қызметкерлер ант қабылдады - Көлік және коммуникация министрлігі
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін Көлік және коммуникация министрлігінде ведомство басшысы Әбілғазы Құсайыновтың төрағалығымен Астана күніне арналған салтанатты жиналыс болды.
Салтанатты жиналыс аясында Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің мемлекеттік қызметкері антын қабылдаудың салтанатты шарасы өтті.
Министрлік басшысы Астананың 12 жылдық мерейтойымен құттықтап, ант қабылдаған жас мамандар Конституцияның қағидаларын қатаң орындап, көлік-коммуникация кешенінің дамуына, біздің еліміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үлестерін қосатындықтарына сенім білдірді.