Астана күні КІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпке көшеді

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласының туған күні тойланатын күндері Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады, деп хабарлайды   ІІД баспасөз қызметі.

Елордамыздың қақпасы болып саналатын Астана халықаралық әуежайы мен Астананың теміржол вокзалы арқылы қала күніне келетін шетелдік және республикамыздың түкпір-түкпірінен ағылып жатқан ресми делегациялар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету көліктегі полицейлердің міндеті екенін біреу білсе, біреу білмес.

Осы уақыт ішінде көлік полицейлерінің түрлі қызметтерінен құралған жедел топтар қоғамдық қауіпсіздікті және азаматтардың тыныштығын қорғау мақсатында қолдан келген шаралардың барлығын атқарады. Жалпы алғанда мереке күндері КІІД екі жүзден астам қызметкері кезекшілікте болады.

Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Марат Жексенбековтың айтуынша, теміржол аумағы - қауіпті аймақ. Теміржол бойында болатын түрлі келеңсіздіктердің алдын алу, оны болдырмау - біздің міндетіміз. Тыныштықпен бағаланатын біздің қызмет түрі ауыр әрі оның ауқымы кең. Бүгінде Қазақстанның көліктегі ішкі істер қызметі маңызы зор салаға айналып отыр. Ол жолаушылар тасымалымен ғана шектеліп қоймай, көліктегі қоғамдық, жеке, мүліктік қауіпсіздікті сақтауда маңызды істер атқарады. «Сондықтан да бізге артылар жауапкершіліктің зор екенін жақсы білеміз. Алдағы уақытта, елордамыздың туған күнінде біздің  мекеме қызметкерлері үлгілі қызметімен көрініп, еліміздің қарқынды дамуына, азаматтар мен елорда қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сүбелі үлесін қосатынына нық сенімдімін», - дейді полиция полковнигі.

Соңғы жаңалықтар
telegram