Астана күні құрметіне жамбылдық 800 отбасы пәтер алды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Елорда мерекесі   қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жаңа тұрғын үй алқабынан пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана күні құрметіне жамбылдық 800 отбасы пәтер алды

«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында алты 80 пәтерлік үй салынды. Қоныс тойын жас отбасылар, жалғыз басты аналар, жетім балалар, көп балалы отбасылар, әскери қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Тұрғын үй жинақ банкі салымшылары атап өтеді.

Бүгінде мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға  13 990 адам кезекте тұр. Ағымдағы жылы «Арай» шағынауданындағы екі үйдің құрылысын, 2018 жылы - «Қарасу» тұрғын үй  алабындағы бір үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ 37 көп қабатты тұрғын үйдің  жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

 «Биыл тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін 15 жыл мерзімге «Нұрлы жер» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында 14-ші шағынауданнан және «Тараз сити» тұрғын үй кешенінен ғимарат жобалары әзірленді», - деді өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев.